Директорлар
кеңесі төрағасының
сөзі
»

Құрметті акционерлер!

Компанияның мерейтойы атап өтілген 2022 жылы барлық белгіленген жоспарлар іске асырылды. Оларға өндірістік міндеттердің орындалуы, инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімінің сақталуы, қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мәселелері, қоршаған ортаға қамқорлық, сонымен қатар «KEGOC» АҚ персоналының әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-шаралар кіреді.

Өткен жылы қаржылық сипаттағы, ұйымдық құрылымды оңтайландыру, корпоративтік басқаруды жетілдіру, ішкі нормативтік құжаттарды бекіту мәселелері – яғни ұжымды ынталандыруға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған міндеттердің кең спектрі Директорлар кеңесінің басты назарында болды.

Компания Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясы мен қуатының 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі негізінде Ұлттық электр торабын дамытудың болжамды моделін әзірлеуде. Ауқымды жаңғырту Smart Grid технологияларын ендіре отырып, жаңа қуатты, соның ішінде жаңартылатын, жасыл генерацияны енгізу процестерін синхрондауды қамтамасыз етеді. Ұлттық электр торабын дамыту және генерациялайтын қуаттарды салу бойынша шаралар кешені алдағы жылдарда электр энергиясы мен қуатының тапшылығы проблемаларын шешуге және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«KEGOC» АҚ қатарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша көршілес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара серіктестік қатынастарды тиімді құра отырып, халықаралық ынтымақтастыққа қатысады – бұл сонымен қатар Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін маңызды болып табылады.

Күн тәртібінде тұрақты даму мәселелері тұр. Компания энергетикалық ауысуға және ЖЭТ-тің энергетикалық жүйеге бірігуіне, ESG қағидаттарын іске асыруға, цифрлы технологияларды бұдан әрі ендіруге және т.б. байланысты мәселелерді қамтитын 2022-2031 жылдарға арналған жаңартылған даму стратегиясын қабылдады.

Қауіпсіз өндіріс мәдениетін дамытудағы үлкен қадам бұл 2022 жылғы күз айында, KEGOC қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бірінші форумында жасалды. Компания Vision Zero - нөлдік жарақаттанудың халықаралық форумына қосылды, ал «KEGOC» АҚ өндірістік филиалдарының басшылары Health & Safety саласындағы жеке міндеттемелеріне қол қойды. Соған сай компанияның кез келген қызметкері қауіпсіз емес еңбек жағдайын анықтаған жағдайда жұмыстың орындалуын тоқтата тұруға құқығы бар.

«KEGOC» АҚ серіктестері мен өз персоналы алдында ғана емес, сонымен қатар акционерлер алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді. Компания өз дивидендтік саясатын ұстанып, акционерлерге 30,2 млрд теңгеден астам жалпы сомасына, соның ішінде 2021 жыл қорытындысы бойынша 13,2 млрд теңге және 2022 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша 17,0 млрд теңге сомасына екі рет дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. IPO-ға шыққан сәтінен бастап Компания шамамен 205 млрд теңге жалпы сомасына дивиденд төледі.

Нәтижесінде «KEGOC» АҚ-ның инвестициялық тартымдылығы жылдан жылға арта түсуде. Бұл туралы халықаралық агенттіктер берген рейтингтер бойынша пайымдауға болады – нақты 2022 жылдың соңғы күндері Moody's агенттігі «KEGOC» АҚ-ның рейтингін «Тұрақты» болжаммен «Baa2» деңгейінде растады.

Жағдайды пайдалана отырып, жеке өз атымнан және Директорлар кеңесінің мүшелері атынан барлығыңызға «KEGOC» АҚ-мен ынтымақтаса жұмыс істегендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді.

Тұрақты қаржылық жағдай, үлкен инновациялық әлеует, инвестициялық жобаларды іске асырудағы мол тәжірибе, қазіргі заманғы басқару әдісін меңгеру және озық технологияларды қолдану компания ұжымына барлық белгіленген мақсаттарға табысты қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенемін.

Бердіғұлов
Ернат
Құдайбергенұлы

«KEGOC» АҚ Директорлар
кеңесінің төрағасы

Ернат Кудайбергенович Бердигулов