Тұрақты
даму
»
Қоршаған орта
Негізгі көрсеткіштер
7,05
ОЭР тұтынуды
азайту
«KEGOC» АҚ алғашқы «жасыл» облигацияларды шығарды. 2022 жылғы желтоқсанда «KEGOC» АҚ жалпы көлемі 16,1 млрд теңгені құрайтын «жасыл» облигациялары KASE сауда алаңында 3% маржамен сәтті орналастырылды.
3,28
Бензин мен дизель отынды
тұтынуды азайту
«KEGOC» АҚ 2060 жылға дейін көміртегі іздерін азайту бағдарламасын әзірледі.
Басқару жүйесі
Негізгі құжаттар |
|
|
|
|
|
|
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі
Қауіпсіздік және еңбекті,
қоршаған ортаны қорғау комитеті
«KEGOC» АҚ Басқармасы
Қоршаған ортаны
қорғау саласындағы
саясат
«KEGOC» АҚ қоршаған ортаны қорғау қызметін күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының негізгі қағидаты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау болып табылады.
«KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының мақсаты қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, Қазақстан ҰЭТ-ты дамыту кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік, энергия үнемдеу және Компания қызметінде табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану болып табылады. «KEGOC» АҚ басшылығы Экологиялық саясатқа сәйкес қабылданған тұрақты түрде жақсарту және ластанудың алдын алу бойынша міндеттемелерді іске асыру, сонымен қатар қолданыстағы заңнамалық және «KEGOC» АҚ өзінің экологиялық аспектілері бөлігінде қатысы бар басқа да талаптарға сәйкестігі үшін жауапкершілікті алады. Компанияның әрбір қызметкері, сонымен қатар Компания мүддесінде жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың қызметкерлері «KEGOC» АҚ-ның Экологиялық саясатымен таныстырылады.
Компанияда «KEGOC» АҚ Біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған және енгізілген. Оны енгізу мен жұмыс істеудің негізгі мақсаты Компанияның өндірістік және экономикалық қызметінің экологиялық аспектілеріне әсерін күшейтуге мүмкіндік беретін басқарудың жаңа әдістерін қолдану болып табылады. Экологиялық аспектілерді басқару «KEGOC» АҚ-да тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің элементі болып табылады.
Жүйені тиімді басқару мақсатында «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылға арналған экологиялық аспектілерінің тізілімдері әзірленді. Аспектілерді анықтау кезінде Компания қызметінің экологиялық әсерінің барлық компоненттері (энергия үнемдеу, су, топырақ, шығарындылар, қалдықтар) талданады. Экологиялық аспектілерді басқару жөніндегі іс-шаралар Компанияның 2022 жылға арналған Экологиялық бағдарламасында белгіленген. 2022 жылы «құрамында полихлорланған дифенилдер (ПХД) болуы ықтимал қалдықтар», «трансформатор майы» және «пайдаланылған трансформатор майы» маңызды экологиялық аспект болып анықталды. «Құрамында полихлорланған дифенилдер (ПХД) болуы ықтимал қалдықтар» аспектісінің маңыздылығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес полихлорланған дифенил қауіпті зат болып табылатындығына байланысты. «Трансформатор майы» және «пайдаланылған трансформатор майы» аспектілерінің маңыздылығы май толтырылған жабдықтың болуымен байланысты.
Атмосфералық ауаға әсері
Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі енгізілгеннен бастап ЖЭТ филиалдарының негізгі бөлігі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның шешімімен III және IV санаттағы объектілер үшін эмиссиялар нормативтері белгіленбейтін IV санаттағы объектілер ретінде айқындалды.
Алайда, филиалдарды мониторингтеу мақсатында экологиялық бақылаудың ішкі бағдарламасы әзірленді. Оған сәйкес 2022 жылы ЖЭТ филиалдарында стационарлық көздердің шығарындылары бойынша тоқсан сайын есеп қалыптастырылды. Ластаушы заттардың шығарындыларын есептеу жабдықтың әр бірлігінің жұмыс уақыты мен материалдардың шығынын ескере отырып, есептеу әдісімен жүргізілді.
II санаты бар филиалдарда экологиялық мониторингті мамандандырылған ұйымдар есептеу арқылы немесе зертханалық өлшемдермен жүргізеді.
2022 жылы стационарлық көздерден ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының көлемі 9,209 т (белгіленген норматив – 11,63 т) құрады. Осылайша, стационарлық көздерден ластаушы заттардың жалпы шығарындылары (нормативтерге қатысты) 20%-ға төмендеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жылжымалы көздерден шығарындылар есептелмейді, есептілікте пайдаланылған отынның мөлшері көрсетіледі. Автокөліктің атмосфераға шығарылатын пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтініне тексеру жүргізілді.
Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне әсер ететін озонды бұзатын заттардың шығарылуын жүзеге асырмайды.
ЖЭК-ті дамыту, Қазақстанның энергетикалық жүйесіне интеграциялау есебінен экономиканы карбонсыздандыруды қамтамасыз ету «KEGOC» АҚ негізгі қызметтің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері және электр желілік компания және жүйелік оператор ретіндегі қоршаған ортаға неғұрлым елеулі оң әсері болып табылады.
2022 жылы өтпелі климаттық тәуекелді төмендету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қабылданған төмен көміртекті даму тұжырымдамасын және «KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған бекітілген даму стратегиясын ескере отырып, Компания «KEGOC» АҚ-ның 2031 жылға дейінгі төмен көмірсутекті даму бағдарламасын және «KEGOC» АҚ-ның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы пайымын әзірледі.
Қор компаниялары тобында көміртегі ізін 2031 жылға қарай 10%-ға дейін төмендету бойынша қабылданған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын ескере отырып, «KEGOC» АҚ парниктік газдар шығарындыларын азайтуға өз үлесін қосуда. Төмен көміртекті күн тәртібінің интеграциясы компанияға ЖЭК қосылуын қамтамасыз ететін электр желілік компания және жүйелік оператор ретінде үлес қосып қана қоймай, «KEGOC» АҚ-ның инвестициялық тартымдылығын, энергетикалық ауысу жағдайында оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатар Компанияның климаттық амбицияларын мәлімдеуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаны әзірлеудің мақсаты көміртегі ізін азайту саласындағы негізгі тәсілдер мен шараларды жүйелеу болып табылады, соның ішінде:
- жүзеге асырылатын өндірістік қызметті ескере отырып, көміртегі ізін азайтудың қолда бар әлеуеті мен мүмкіндіктерін талдау және бағалау;
- карбонсыздандыру саласындағы негізгі бағыттарды және көміртегі ізін азайту жөніндегі шараларды айқындау;
- 2060 жылға дейін СО2 шығарындыларының трендтерін арттыру;
- Компания персоналының, оның ішінде көміртегі ізін азайту саласында болып жатқан әлемдік трендтер туралы хабардарлығын арттыру.
Бағдарламаны әзірлеу шеңберінде ағымдағы ахуалды талдау жүзеге асырылды және СО2 (Scope 1 және 2) тікелей және жанама шығарындыларының негізгі көздері мен көрсеткіштері айқындалды. Компанияның өз қызметін жүзеге асыру кезінде көміртегі ізін төмендету үшін іс-шаралар және «KEGOC» АҚ көміртегі ізін төмендету мониторингі үшін негізгі индикаторлар айқындалды.
«KEGOC» АҚ-да парниктік газдардың тікелей шығарындыларының (Scope 1) негізгі көздері:
- мобильді көздер - өндірістік қызметтің негізгі түрлерін, оның ішінде пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары;
- стационарлық көздер - байланыс құралдарының авариялық жағдайларында, сонымен қатар пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын стационарлық және тасымалданатын электр станциялары мен электр энергиясының генераторлары.
- «KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының қосалқы станцияларының қажетті жабдығы болып табылатын элегазды ажыратқыштар
Жанама шығарындылар көздеріне (Scope 2) мыналар жатады:
- Компания сатып алатын, технологиялық мақсаттарға пайдаланылатын электр энергиясын, оның ішінде Қазақстан Республикасының ҰЭТ арқылы электр энергиясын жеткізу кезінде оның технологиялық шығынын өтеу үшін электр энергиясын (жеткізу кезіндегі шығынды), сонымен қатар ғимараттарды, үй-жайларды, аумақтарды жылыту, жарықтандыру қажеттіліктеріне және т.б. өндірген кезде пайда болатын шығарындылар;
- өндірістік және өндірістік емес үй-жайларды жылыту қажеттіліктері үшін пайдаланылатын компания сатып алатын жылу энергиясын өндіру кезінде пайда болатын шығарындылар.
Жүйелік оператор және электр желісінің операторы ретінде Компанияның өзінің жаңартылатын генерациясын дамыту және ЖЭК құрылысы жөніндегі жобаларды іске асыру жөніндегі міндеттерді қоюға құқығы жоқ, өйткені бұл Қазақстан Республикасы БЭЖ жүйелік операторының функцияларын іске асыру тұрғысынан мүдделердің ықтимал қайшылығын туындатады.
Компания «жасыл» электр энергиясын сатып алуды өзінің көміртегі ізін азайту бағдарламасын іске асырудың негізгі шарасы ретінде көреді:
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖЭК жобаларын іске асыруды қолдаудың елдік схемасы (бүгінгі күні шамамен 4% деңгейінде) және / немесе
- қолданыстағы және перспективалы ЖЭК объектілеріндегі екіжақты келісімшарттар.
Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі тиісті әлеуетті іс-шаралармен ресурс үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қажетті іс-шараларды іске асыру болады. Осылайша, Бағдарламаны іске асырудың негізгі механизмдері қазіргі уақытта да, болашақта да жүзеге асырылатын энергетикалық аудиттерді жүргізу, энергия тиімділігін арттыру іс-шараларын әзірлеу, сонымен қатар энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеуді арттыру бағдарламаларын іске асыру болады.
Сонымен қатар, Компанияның ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытындағы ең жақсы нәтижелеріне ұтымгерлік ұсыныстар енгізу үшін компания қызметкерлерін ынталандыру құралдарымен энергия тиімділігін арттыру саясатын енгізу, ҒЗТКЖ арқылы жаңа технологияларды енгізу, пилоттық жобалар мен сынақтарды іске асыру жатады.
Бағдарламада 2031 жылға дейін төмен көміртекті дамуға қол жеткізу индикаторлары тіркелген:
- Scope 1 бойынша (тікелей шығарындылар) – 2030 жылға қарай шығарындылар деңгейін 2%-ға төмендетуге қол жеткізу үшін іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автокөлікті төмен көміртекті отынмен (электромобильдер, LPG) ұқсас көлік түрлеріне біртіндеп ауыстыру арқылы;
- Scope 2 бойынша (жанама шығарындылар) – ЖЭК-тен «жасыл» электр энергиясын сатып алу үлесін біртіндеп ұлғайту және оған 2031 жылға қарай 20% деңгейінде қол жеткізу арқылы.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес «Экономиканың реттелетін секторларында парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көлемі жылына жиырма мың тонна көміртегі диоксидінен асатын қондырғы квоталанатын қондырғы болып танылады». «KEGOC» АҚ квоталанатын субъект болып табылмайды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның «Климаттың өзгеруі туралы» негіздемелік конвенциясының, Киото хаттамасының, Париж келісімінің талаптарына сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті әзірледі және верификациялады. Деректер операциялық тәсілді қолдана отырып, жалпы корпоративтік деңгейде шоғырландырылған. Есептеу шекараларына CO2, CH4, N2O, SF6 парниктік газдары кірді. Scope 1 тікелей шығарындыларының есептеулерінен деректердің жеткіліксіздігіне және олардың айтарлықтай көлемінің болмауына байланысты ауаны баптау жүйелерінен парниктік газдар шығарындылары алынып тасталды. Scope 3 парниктік газдар шығарындылары деректердің жеткіліксіздігіне байланысты есепке енгізілмеген.
2022 жыл базалық болып таңдалды, өйткені GHG Protocol әдістемесі бойынша парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті «KEGOC» АҚ алғаш рет әзірледі. Егер жаңа санат қосылса немесе дәлірек әдістемеге көшу жүзеге асырылса, базалық жыл қайта есептеледі.
Шығарындылар коэффициенттері электр энергетикасы саласындағы кәсіпорындарға арналған КӨҮАТ (IPSS (Intergovernmental panel on climate change) парниктік газдарды ұлттық түгендеу нұсқауларына сәйкес есептелген, климаттың өзгеру коэффициенттері БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жұмыс тобы отырысының он тоғызыншы сессиясының баяндамасы бойынша қабылданған.
Шығарындылар | Барлығы | CO2 | CH4 | N2O | SF6 |
т CO2 экв | т | т CO2 экв | т CO2 экв | т CO2 экв | |
Scope 1 | 8 887 | 8 721 | 40 | 126 | 0 |
Scope 2 | 2 632 728 | 2 632 72 | - | - | 0 |
Компания электр энергиясын ҚР ҰЭТ арқылы жеткізу кезінде электр энергиясының технологиялық шығынын өтеу үшін сатып алатын электр энергиясын өндіру кезінде пайда болатын шығарындылар Scope 2 жанама шығарындыларындағы ең үлкен үлесін (жеткізу кезіндегі шығындар) құрайды. Технологиялық шығынның шамасы транзиттік электр жектізу желілерінің ұзындығына байланысты және көрші мемлекеттердің энергия жүйелерінің жұмыс режимдеріне (электр энергиясының транзиті, экспорты және импорты), климаттық жағдайларына байланысты және Компания оның алдын ала алмайды.
2022 жылғы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу жөніндегі есепті (Scope 1, Scope 2) валидация және верификация жөніндегі орган ҚР СТ ISO 14064-3-2019 талаптарына сәйкес WRI/WBCSD GRI 305 Emissions 2016, CDP Climate Change 2021 Reporting Guidance парниктік газдар бойынша хаттамаға (GHG Protocol) сәйкестігін маңыздылық деңгейі 2% болатын қисынды сенімділік деңгейі негізінде верификациялады.
Компания элегазды жабдықтар болып табылатын элегазды ажыратқыштарды (SF6) пайдаланады. Жүргізілген жаңғырту шеңберінде қосалқы станцияларда жоғары сапасы, сенімділігі және экологиялылығымен сипатталатын ABB, Siemens, GE фирмаларының кернеуі 110-500 кВ заманауи элегаздық ажыратқыштар орнатылды.
Элегазды ажыратқыштарды пайдалануды оқытылған персонал қатаң нұсқаулықтар мен регламенттерге сәйкес жүргізеді, элегазды пайдалануды бақылау және мониторингілеу жүргізіледі, 2016-2022 жылдары ағып кету жылына орта есеппен 0,03% құрады, 2022 жылы ағып кету болған жоқ.
Бүгінгі таңда кернеуі 220-500 кВ вакуумдық ажыратқыштар шығарылмайды және кернеудің бұл класында элегазды ажыратқыштарға балама жоқ. 110 кВ вакуумдық ажыратқыштарды қолдану әлемде кең таралмаған, сондықтан қазіргі уақытта бұл ажыратқыштар Компанияда қолданылмайды.
Қосалқы станцияларда реконструкциялау кезінде элегазды пайдалануды азайту үшін кернеуі 6-10-35 кВ экологиялық қауіпсіз вакуумдық ажыратқыштар қолданылады.
Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті (жалпы Scope 1 Scope 2) жетізілген электр энергиясының МВт·сағатына 0,045 тонна СО2-ні құрайды.
2022 жылы экологияны жақсартуға және көміртегі ізін азайту саласындағы әлемдік трендтерді қолдауға үлес қосу мақсатында Компания қызметкерлері Астана қаласында, Қазақстан Республикасының Алматы, Батыс және Солтүстік өңірлерінде 570-ке жуық ағаш және бұта көшеттерін отырғызды.
Қалдықтарды басқару
Өндіріс қалдықтары ҚС жабдықтарын пайдалану, жөндеу және жаңарту кезінде пайда болады. «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және «KEGOC» АҚ-да қалдықтарды басқару ұйым стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Стандартқа сәйкес барлық қалдықтар қауіпті және қауіпті емес болып бөлінеді.
«KEGOC» АҚ бөлімшелеріндегі қалдықтардың көлемі
Көрсеткіш, тонна | 2022 жыл |
Қауіпті қалдықтар | 11,312 |
Қауіпті емес қалдықтар | 2 624,673 |
Барлығы | 2 635,985 |
2022 жылы қалдықтарды азайтуға үлес қосу үшін Компания қызметкерлері «мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорымен бірлесіп, одан әрі қайта өңдеу және қайта пайдалану үшін макулатура жинау (960 кг жиналды) акциясына қатысты. Түскен қаражат Астана қаласындағы балалар үйінің қажеттіліктеріне жолданды.
Су объектілеріне әсері
Су Компанияның технологиялық процесінде пайдаланылмайды. «KEGOC» АҚ-да суды тұтыну көлемі шамалы және Компания қызметі су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді. Су объектілеріне және рельефке қалдықтар төгілмейді. «KEGOC» АҚ 7 филиалының объектілері артезиандық сумен жабдықталған.
Биоалуанүрлілікке әсері
«KEGOC» АҚ электр желілік компания және жүйелік оператор ретінде жануарлар мен өсімдіктер әлеміне айтарлықтай әсер етпейді.
Жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде Компания қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне кешенді ықпал етеді.
Электр желілік объектілерді жобалау сатысында экологиялық тәуекелдерді басқару үшін ӘЖ трассалары мен ҚС алаңдарының елді мекендердің жерлері мен аумақтары, соның ішінде ауылдарды, кенттерді, қалаларды перспективалық дамытуға, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісін, табиғи қорықтарды, орман шаруашылықтарын, су қорғау аймақтарын, суармалы егістіктерді, ерекше қорғалатын аумақтарды, мәдени мұра объектілерін және тарихи ескерткіштерді дамытуға көзделген жерлер арқылы өтуіне жол берілмейді. ӘЖ трассалары негізінен дала және шөлейт жерлер арқылы өтеді.
«KEGOC» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының қағидаттарына, атап айтқанда экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидатына және қоғамдық қатысу қағидатына сәйкес жүзеге асырады. Кез келген құрылыс және реконструкция жобаларын қарау кезеңінен өту кезінде қоғамдық тыңдаулар немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жобаларын талқылау міндетті кезең болып табылады.
ҚОӘБ өту кезінде көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлердің барлық процестері ескеріледі. Оған атмосфералық ауаға, су айдындары мен жер асты суларына әсер ету, жер бедері, биоалуантүрлілікті, жануарлар дүниесін сақтау кіреді. Жобалардың тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау тұрақты негізде және жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыру тәуекелдерін талдау үшін әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді талдауды қамтитын PESTEL-талдауы қолданылады. Қоршаған ортаға, оның ішінде биоалуантүрлілікке әсерін бағалаудың нәтижелері ескеріледі және қоршаған ортаға ең аз зиян келтіретін нұсқа қабылданады.
«KEGOC» АҚ-ның биоалуантүрлілікке оң әсері электр жеткізу желілерінің бөліну жолақтарында, сонымен қатар қосалқы станциялардың айналасындағы санитарлық аймақтарда дәстүрлі мекендеу орындарын сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
Әлемдік зерттеулердің нәтижелері бойынша кернеуі 0,4-10 кВ электр жеткізу желілері жерге тұйықталған траверс немесе тіректің басқа жерге тұйықталған бөліктері мен кернеудегі сымдар арасындағы қашықтықтың қысқа болуына байланысты құстарға қауіп төндіреді. Ұшу немесе жақын ұшу кезінде құстар жерге тұйықталған траверске және ток өткізгіш сымға бір уақытта тиген кезде олар үшін өлімге әкелетін қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін.
«KEGOC» АҚ-ға тиесілі әуе желілерінің 99,4%-ы кернеуі 110 кВ және одан жоғары жоғары вольтты желілерді құрайды. Тіректердің жерге тұйықталған бөліктері мен ӘЖ-нің ток өткізгіш бөліктері арасындағы ең аз қашықтық кемінде 1,5 метрді құрайды. Демек, құстардың қанаттарының кеңдігі «сым – желінің жерге тұйықталған бөлігі» тізбегін тұйықтауға мүмкіндік бермейді және бұл сызықтар құстар мен жарғанаттар үшін электр тоғының соғу қаупін тудырмайды. Соған қарамастан, «KEGOC» АҚ траверстердің құстардың қонуы ықтммал жерлеріне 7 мыңнан астам арнайы құс қорғау құрылғыларын орнатты. Олар құстардың желі элементтеріне отыруына жол бермейді.
Энергия тиімділігі
«KEGOC» АҚ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі міндеттері тұтынылатын отын-энергетикалық ресурстардың көлемін азайту, оның ішінде «KEGOC» АҚ объектілерінің өз қажеттіліктеріне энергия ресурстарының шығынын азайту есебінен, оны ҰЭТ арқылы жеткізу кезінде электр энергиясының технологиялық шығыстарын азайту, энергия шығындарын бақылау механизмдерін жетілдіру және Компания объектілерін электр энергиясын және басқа да отын-энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру, осы есептеу құралдарының негізінде ақпарат жинау процесін ұйымдастыру болып табылады.
2022 жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну, ГДж 1
Электр энергиясы | 10 169 639,51 |
Жылу энергиясы | 84 842,87 |
Жанармай | 120 145,7 |
соның ішінде: | |
|
40 918,42 |
|
75 481,13 |
|
3 237,41 |
|
508,78 |
Барлығы | 10 374 628,12 |
1 Джоульге қайта есептеу кезінде халықаралық бірліктер жүйесі қолданылды, ӨҚ.
2022 жылы отын-энергетикалық ресурстарын тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда желіге босату көлемінің азаюына, тиісінше электр энергиясының ысыраптары көлемінің азаюына байланысты 788 170,43 ГДж-ға азайды.
2022 жылы меншікті энергия тұтыну жеткізілген электр энергиясының 1 мың кВт * сағ үшін 0,18 ГДж құрады.
Энергия тұтынуды азайту тұрғысынан алғанда ең үлкен нәтиже электр желілері арқылы жеткізу бойынша электр энергиясының технологиялық шығынын азайту шаралары болып табылады.
Қазақстанның электр энергетикалық жүйесі негізінен солтүстік аймақта қуатты энергия көздерінің шоғырлануымен және ұзартылған (шамамен 1 000 км) транзиттік электр жеткізу желілерінің болуымен сипатталады (Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстік транзиттерінің негізгі бағыттары, Павлодар облысы – Ақтөбе облысы) – бұл елдің үлкен аумағымен байланысты және электр энергиясының технологиялық шығындарының (техникалық ысыраптардың) деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. «KEGOC» АҚ желісіндегі техникалық ысыраптар көрші мемлекеттердің энергия жүйелерінің жұмыс режимдеріне (электр энергиясының транзиті, экспорты және импорты) және климаттық жағдайларға да байланысты.
2022 жылғы «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясы
ысырабының құрылымы
«KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы техникалық шығындары 2,796 млрд кВт·сағ немесе электр энергиясын желіге босатудың 4,9%-ын құрады.
Бұл ретте электр энергиясының техникалық ысыраптары электр желілері арқылы электр энергиясын жеткізу кезінде орын алатын сымдар мен электр жабдықтарындағы физикалық процестерге байланысты электр энергиясының ысыраптары екенін есте ұстаған жөн, тиісінше электр желілеріндегі электр энергиясының ысыраптарын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық ысыраптарының нақты мәнін олардың оңтайлы деңгейіне жеткізу болып табылады.
Климаттың өзгеруі электр энергиясын жеткізу кезінде артық шығындар тәуекеліне әкелуі мүмкін. Сондықтан Компания осы тәуекелді азайту, сонымен қатар электр энергиясының ысырабын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде климаттық факторларға талдау және «KEGOC» АҚ желісіндегі электр энергиясының нақты ысыраптарына талдау жүргізеді.
Электр энергиясының шығынын азайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2022 жылы электр энергиясының шығынын төмендету 3,932 млн кВт·сағ құрады.
Іс-шара | Іс-шаралардың әсері | |
млн кВт·сағ | ГДж | |
Шағын жүктеме режимінде желілерді ажырату | 0,260 | 936 |
Шағын жүктеме режимінде күштік трансформаторларды ажырату | 3,672 | 13 219 |
Барлығы «KEGOC» АҚ | 3,932 | 14 155 |
Кадр саясаты
Негізгі көрсеткіштер
86
әлеуметтік тұрақтылық
индексі (SRS)
«КЕGОС» АҚ-ның 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында сіңірген еңбегі үшін 1 047 қызметкер наградалармен және мерейтойлық медальдармен наградталды, барлық қызметкерлерге біржолғы сыйлықақы төленді.
8,13
Кадрлардың
тұрақтамауы
Қызметкерлердің жалақысы көтерілді
Басқару жүйесі
Негізгі құжаттар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі
«KEGOC» АҚ Басқармасы
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет
«KEGOC» АҚ-ның кадрлық әлеуеті Компания дамуының табысын айқындайтын аса маңызды стратегиялық фактор болып табылады. «KEGOC» АҚ адами ресурстар менеджменті Корпоративтік басқару кодексінің, мінез-құлық (іскерлік этика) кодексінің, біріктірілген менеджмент жүйесінің, Кадрлық саясатының, «KEGOC» АҚ персоналын ынталандыру саласындағы ішкі құжаттардың қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Көрсеткіштің атауы | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 |
SRS индексі | 85 | 90 | 91 | 85 | 86 |
Персонал құрылымы
2022 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Компания қызметкерлерінің тізімдік саны (ЕҰ есепке алғанда) 4 376 адамды құрады.
Қызметкерлер саны
Өңірлер бойынша қызметкерлердің құрылымы
Жасы бойынша қызметкерлердің құрылымы
Қызметкерлердің жұмыс өтілі бойынша құрылымы
Қызметкерлердің ұлты бойынша құрылымы
Қызметкерлердің жұмыспен қамту түрі бойынша құрылымы
Гендерлік сипаты бойынша қызметкерлердің құрылымы
Санаттар бойынша қызметкерлердің құрылымы
Қызметкерлердің білімі бойынша құрылымы
Көрсеткіш | Барлығы | Үлесі, % | ӘП | ӨП | Басшылар | Басшылықтағы үлесі, % | |
Тізім бойынша саны | 4 376 | 100 | 535 | 3 841 | 619 | 100,0 | |
Жынысы | ерлер | 3 367 | 76,9 | 166 | 3 201 | 552 | 89,2 |
әйелдер | 1 009 | 23,1 | 369 | 640 | 67 | 10,8 | |
Ұлттық белгілері бойынша топтар |
қазақтар | 3 179 | 72,6 | 463 | 2 716 | 451 | 72,9 |
орыстар | 802 | 18,3 | 46 | 756 | 110 | 17,8 | |
украиндар | 123 | 2,8 | 4 | 119 | 19 | 3,1 | |
татарлар | 62 | 1,4 | 5 | 57 | 12 | 1,9 | |
немістер | 57 | 1,3 | 4 | 53 | 7 | 1,1 | |
басқалары | 153 | 3,5 | 13 | 140 | 20 | 3,2 | |
Жас топтары | < 30 жас | 730 | 16,7 | 53 | 677 | 49 | 7,9 |
30-50 жас | 2 319 | 53,0 | 376 | 1 943 | 355 | 57,4 | |
> 50 жас | 1 327 | 30,3 | 106 | 1 221 | 215 | 34,7 | |
Жергілікті тұрғындардан (Қазақстан Республикасының азаматтары) жалданған жоғары дәрежелі басшылардың («KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелері) жалпы үлесі 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша 90,9%-ды құрайды.
Кадрлардың тұрақтамауы
2022 жылы персоналдың динамикасы
2022 жылы Компаниядан кеткен қызметкерлердің «КЕGOC»АҚ-да жұмыс істеу ұзақтығы
2022 жылы «КЕGOC»АҚ-да кадрлардың тұрақтамауының қорытынды мәні белгіленген «10%-дан жоғары емес» шекті мәні кезінде 8,13%-ды құрады. Бұл ретте ерлер арасында кадрлардың тұрақтамауы 7,35%-ды, әйелдер арасында 3,23%-ды құрады. 2022 жылы Компаниядан кеткен ерлердің орташа жұмыс өтілі 13,5 жылды (451 адам), әйелдердің - 14,2 жылды (124 адам) құрады.
Кадрлардың тұрақтамауы тәуекелін басқару мақсатында Компанияда мынадай алдын алу іс-шаралары жүргізіледі:
- әлеуметтік қолдау көрсету, еңбегін көтермелеу және тану, таланттарды басқару, оқыту және дамыту рәсімдері;
- орташа нарықтық жалақының мониторингі, еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;
- әлеуметтік рейтингтерді анықтау бойынша сауалнама жүргізу.
Қызметкерлерді жалдау саласындағы саясат
«КЕGOC» АҚ барлық үміткерлерге олардың ұлттық және нәсілдік ерекшеліктеріне, жынысына, жасына, отбасылық және әлеуметтік жағдайына немесе басқа да ерекше қасиеттеріне қарамастан тең мүмкіндіктер береді.
Персоналды дамыту
«KEGOC» АҚ қызметкерлерді оқыту процесіне үлкен мән береді.
Есептік жылы 2 385 қызметкер оқудан өтті. Бұл қызметкерлердің тізімдік санының 54,5%-ын құрайды. «КЕGOC» АҚ-ның 2022 жылы оқуға жұмсаған нақты шығындары 182,5 млн теңгені немесе жоспардың 54,5%-ын құрады. Бұл 2021 жылғы орындаудан 43,4%-ға жоғары.
Оқу сағаттарының жалпы саны 110 534,0 сағатты құрады, оның ішінде: ерлер үшін – 96 938,5 сағат, әйелдер үшін – 13 595,5 сағат; ӘБП қызметкерлері үшін-14 890 сағат, ӨП қызметкерлері үшін – 95 644 сағат.
1 қызметкерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа жылдық саны 27,6 сағатты құрады, соның ішінде: ӘБП қызметкерлері үшін – 27,1 сағат, ӨП қызметкерлері үшін – 27,6 сағат.
Бір ер қызметкерге орташа оқу сағаты – 27,7 сағат, әйел қызметкерге - 26,9 сағат.
Өндірістік персоналдың жас кадрларының кәсіби білім деңгейін, іскерліктері мен дағдыларын арттыру, олардың кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, өндірістік персоналдың тәжірибелі қызметкерлерінің құзыреттерін сақтау, корпоративтік мәдениетке бейімделу, дәстүрлер мен мінез-құлық қағидаларын меңгеру үшін «KEGOC» АҚ-да тәлімгерлік жүйесі енгізіліп, жұмыс істейді. Компанияда жыл сайын «Жылдың үздік тәлімгері» байқауы өткізіледі.
«KEGOC» АҚ таланттар пулын қалыптастыру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда: 219 адамнан тұратын функционалдық пул және ізбасарлардың менеджмент-пулы бекітілді.
Ұжымдық шарт және кәсіподақ қызметі
«KEGOC» АҚ бірлестік бостандығын қолдайды және қызметкерлердің ұжымдық шарттар жасасу құқығын таниды.
Компанияның барлық қызметкерлерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген және «KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2021-2025 жылдарға жасалған ұжымдық шарт оған қосылу рәсімдерін, еңбек тәртібін, оның ішінде әлеуметтік демалыстар кезінде демалу уақытын, еңбекақы төлеуді, еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуді, әлеуметтік кепілдіктер беруді және қызметкерлерді қолдау және кадрлық әлеуетті дамыту, медициналық сақтандыру және қызметкерлердің мәдени-бұқаралық бос уақытын дамыту жөніндегі шараларды нақтылайды. Оған қызметкерлерді Компания қаражаты есебінен арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бөлігінде жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, онда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды, Компанияда есепте тұрған ардагер энергетиктерді әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелер көрсетілген.
Ұжымдық шарт өзінің қолданысын жұмыспен қамту түріне қарамастан «KEGOC» АҚ-ның барлық қызметкерлеріне (100%) таратады.
Энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2003 жылғы 27 наурызда «KEGOC» ААҚ қызметкерлерінің кәсіподақ конференциясында құрылды. Кәсіподақ еңбек туралы заңнаманың сақталуын, кепілдіктер мен өтемақылардың, жеңілдіктердің сақталуы мен іске асырылуын бақылауға арналған.
Бүгінгі таңда «Энерготехкәсіподақ» ҚБ құрылымында 10 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жалпы саны 3 600-ден астам адам, яғни Компания қызметкерлерінің 90%-дан астамын құрайды.
Кәсіподақ комитетінің құрамында тұрақты жұмыс істейтін 6 комиссия құрылды:
- мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі комиссия;
- спорттық жұмыс жөніндегі комиссия;
- сауықтыру және санаторий-курорттық жұмыс жөніндегі комиссия;
- жастармен жұмыс жөніндегі комиссия;
- ардагерлермен жұмыс жөніндегі комиссия;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі комиссия.
Сонымен қатар, Компанияда кәсіподақ пен жұмыс беруші тепе-тең негізде құрған 5 бірлескен комиссия жұмыс істейді:
- Ұжымдық келіссөздер жөніндегі комиссия;
- келісім комиссиясы;
- өндірістік кеңес;
- марапаттар жөніндегі комиссия;
- «Еңбек әулеттері» және «Еңбекті қорғау» конкурстарының қорытындысын шығару жөніндегі комиссиялар.
Қазақстан еңбек конфедерациясының республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшесі бола отырып, біздің кәсіподақ ұйымымыз жұмыс комиссиясының тұрақты мүшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қатынастар министрлігінің Еңбек Кодексі және «Кәсіподақтар туралы» Заңы жөніндегі комиссиясының жұмысына белсенді қатысады, сонымен қатар Бас келісімнің жобасын, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасын және Салалық келісім жобасын әзірлеуге қатысты.
Кәсіподақтардың еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қоғамдық инспекторлар Компания объектілеріне тексерулермен барады, олардың нәтижелері мұқият қаралады. Осылайша, қызметкерлердің өтініштерінің нәтижелері бойынша ұжымдық шартқа бірқатар қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету, ЭЖЖ және қосалқы станцияларда жұмыс жүргізу кезінде бейнетіркеу аспаптарын жаңарту бойынша өзгерістер енгізілді. 2022 жылы еңбекті қорғау бойынша «Жылдың үздік тәлімгері», «Өндірістік қауіпсіздікті сақтау бойынша үздік филиал» конкурстары ұйымдастырылды.
Кәсіподақ мүшелері Қазақстанның шипажайларына санаторий-курорттық жолдамалар сатып алуда жеңілдіктерді пайдаланады. Ол жерлерде жыл сайын Компанияның 120-140 қызметкері, демалыс үйлерінде – 400-ден астам кәсіподақ мүшелері емделеді.
Кәсіподақ ұйымы ұжымда салауатты әлеуметтік жағдай жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2022 жылы «KEGOC» АҚ-ның 25 жылдығы атап өтілді. Алғаш рет Бурабай курорттық аймағына барып Компания қызметкерлері үшін отбасылық демалыс ұйымдастырылды.
Энергетика ардагерлері мен ҰОС қатысушыларына үлкен көңіл бөлінеді: қаржылық және материалдық қолдау көрсетіледі, жеңілдетілген санаторий-курорттық жолдамалар беріледі, Компания өткізетін барлық іс-шараларға шақырылады. «KEGOC» АҚ 25 жылдығын мерекелеу аясында Компанияның 140-тан астам зейнеткер-ардагерлері мерейтойлық медалмен марапатталды.
Компанияда:
- ҰОС-ның 58 қатысушысы және оларға теңестірілген адамдар;
- 1 200-ден астам ардагер энергетик есепте тұр.
Еріктілік
«KEGOC» АҚ еріктілері ел өңірлерінде түрлі ерікті акцияларға қатысуды жалғастыруда.
Компания қызметкерлері дәстүрлі түрде қалалық донорлық қозғалысқа қатысып, 2022 жылдың 23 қыркүйегі «Донор күні» болып жарияланды.
«Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған «Мектепке жол» жобасын іске асыру аясында Компанияның еріктілері Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарының әлеуметтік осал топтарынан 761 бірінші сынып оқушыларына мектепке қажетті құралдар мен кеңсе тауарлары бар сөмкелерді жеткізді.
«Spina Bifida қоғамы» қоғамдық қорының eОtinish.kz порталына берген өтініші бойынша Атқарушы дирекция, «ЖО ҰДО» филиалы және еншілес ұйымның қызметкерлері мүгедектер арбасын сатып алуға қаражат жинады. Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасында «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы қызметкерінің ұлын емдеуге көмек көрсету үшін қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
«KEGOC» АҚ және «Энерготехкәсіподақ» ҚБ қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күніне орай құттықтау бойынша қайырымдылық акцияларына қатысты. Сонымен қатар қарттар күніне, «Құрбан айт» мерекесіне және Энергетик күніне аз қамтылған зейнеткерлер мен отбасыларға көмек көрсетілді, Екібастұз қаласында болған апат салдарынан зардап шеккендерге ақшалай қаражат жіберілді ЖЭО.
Еңбекті қорғау
Негізгі көрсеткіштер
0,45
LTIFR
«KEGOC» АҚ Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және оның ЕК, ТМД елдерінің компаниялары өкілдерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бірінші форумды өткізді.
1,08
Еңбекті
қорғау шығыстары
«KEGOC» АҚ Vision Zero сертификатын алды.
Басқару жүйесі
Негізгі құжаттар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі
Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет
«KEGOC» АҚ Басқармасы
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау Компанияның сөзсіз басымдығы болып табылады. Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау кезінде жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, сонымен қатар зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.
2022 жылғы қазанда «KEGOC» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бірінші форум өткізді. Оған ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ және оның құрылымына кіретін компаниялар, «KEGOC» АҚ басшылары мен HSE (Health Safety Environment) саласындағы сарапшылары, сонымен қатар ТМД елдері компанияларының өкілдері қатысты.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы – 2022» аясында өткен форумда HSE саласындағы бейінді мамандар мен көшбасшылар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті, өнеркәсіптік медицина мен өндірістегі заманауи қорғау құралдарын талқылады.
Іс-шарада «Vision Zero Қазақстан» іскерлік кеңесінің төрағасы «KEGOC» АҚ-ға Компанияның халықаралық нөлдік жарақаттану қозғалысының қатысушысы - Vision Zero екенін растайтын сертификатты табыс етті. Vision Zero тұжырымдамасы барлық деңгейдегі еңбек қызметінің үш негізгі аспектісі – қауіпсіздікке, денсаулық пен әл-ауқатқа негізделген, әлемдегі жетекші өндірістік компанияларды біріктіреді.
Компанияда Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі жұмыс істейді, ол барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметіне және Компанияға қолданылады. Оның мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нәтижелілікті қамтамасыз ету және көрсеткіштерді жақсарту, Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті тәуекелдерді басқару болып табылады. Жыл сайын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қажетті іс-шараларды, шығындарды және оларды орындау мерзімдерін айқындайтын бағдарлама қалыптастырылады. Компания ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын сәтті енгізді және өтті.
Өндірістік кеңес тоқсанына кемінде бір рет қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын қарайды және жұмыс беруші мен қызметкерлердің орындауы үшін міндетті іс шараларды белгілейді.
Жыл сайын жұмыс орындары кездестіретін тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жүргізіледі, бағалау нәтижелері бойынша тәуекелдер тізілімі, денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елеулі тәуекелдердің тізбесі қалыптастырылады, тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
Компания қызметі үшін негізгі тәуекелдердің бірі еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның туындау қаупі болып табылады. Осы тәуекелді азайту мақсатында 2022 жылы мынадай іс-шаралар өткізілді:
- еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары білімін біліктілік тексерулері;
- жедел ауыстырып қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізу процесін бейнетіркеу материалдарын талдау;
- қауіпсіздік техникасы күндері;
- ЖЭТ филиалдарындағы жұмыс орындарын кенеттен тексеру;
- жұмыс орнындағы жұмыстарды орындау кезіндегі мінез-құлық қауіпсіздік аудиттері;
- спутниктік бақылау жүйелері арқылы жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауын бақылау және бейнетіркегіштердің жазбаларын қарау және т.б.
Компания қызметкерлері кемінде үш жылда бір рет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша міндетті оқытудың барлық түрлерінен, электр энергетикасы саласындағы нормативтік актілердің білімін біліктілік тексеруден өтеді. 2022 жылы «NEBOSH еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі халықаралық сертификат» халықаралық стандарты бойынша қосымша оқыту жүргізілді (International General Certificate)».
Жұмысқа рұқсат берілер алдында қызметкерлер жұмыс жүргізудің қауіпсіз әдістеріне оқытудан, жұмыс орнында тағылымдамадан, білімін бастапқы біліктілік тексеруден, бақылау жаттығуларынан, жұмыс орнында қайталанудан өтеді, даярлауға жауапты адамның бақылауымен орындалады.
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті ауысым алдындағы медициналық тексеру, жүргізушілерді рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар денсаулық жағдайын анықтау үшін өндірістік персоналды жыл сайынғы медициналық тексеру жүргізіледі.
Компания қызметкерлерінің кәсіби аурулары 2022 жылы анықталған жоқ.
Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін «KEGOC» АҚ-да Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) коэффициенті немесе еңбекке жарамдылығын жоғалтумен жарақаттану, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты өлім-жітім жиілігінің коэффициенті қолданылады. Әлемдік тәжірибеде LTIFR компаниялардың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Көрсеткіш компаниядағы (Work Hours, WH) жұмыс істеген жұмыс уақытының жиынтық санына жатқызылған және 1 млн. сағатқа нормаланған жұмыс уақытын жоғалту жағдайларының (LTI) санын көрсетеді. LTIFR коэффициентінің мәні 2022 жылы 0,45 құрады (0,15 – 2021 жылы).
Оқыс оқиғалар туындаған кезде Компания қызметкерлері оқыс оқиғаларды, инциденттерді тергеп-тексеру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті ұсыну процестерін регламенттейтін қағидаларды басшылыққа алады.
Компания қызметіне тән жазатайым оқиғалардың себептері:
- биіктіктен құлау;
- электрмен жарақат алу;
- жол-көлік оқиғасы.
2022 жылы Компания қызметкерлерінің еңбек қызметіне байланысты 2 (екі) жазатайым оқиға болды.