KEGOC
2022 жылғы
басты оқиғалары
»
01Қаңтар
- «KEGOC» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалау мәселелері бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатындағы іс-шаралар жоспарын» тәжірибеде іске асыруға кірісті.
021 ақпан
- «KEGOC» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалау мәселелері бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатындағы іс-шаралар жоспарын» тәжірибеде іске асыру аясында 1 ақпаннан бастап персоналдың қызметақылары мен тарифтік мөлшерлемелері көтерілді. Сонымен қатар тоқсандық сыйақы мөлшері де артты, осының арқасында 2022 жылы жиынтық жылдық кіріс жұмысшы персонал үшін 28%-48%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін 15%-36%-ға және орта буынды басшылар үшін 10%-15%-ға артты.
0315 наурыз
- «KEGOC» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) өткізген жылсайынғы конкурстың жүлдегері атанды, өзі және қызметі туралы ақпаратты ашу бөлігінде бағалы қағаздар нарығында жақсы іскери мінез-құлық үлгісін көрсеткен Компания ретінде марапаттау дипломын алды.
- Сонымен қатар Компанияның Жылдық есебі 94 қазақстандық және шетелдік компаниялар есебі арасында PwC Kazakhstan жасаған Ақпаратты ашу рейтингінде 4-орын алып, «ESG-ақпаратты ашудың үздік тәжірибесі» дипломымен марапатталды.
0427 сәуір
- «KEGOC» АҚ-да жария тыңдалым өткізілді, онда бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және 2021 жыл қорытындысы бойынша тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы есеп берілді.
0526 мамыр
- «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілді, онда KEGOC-тың 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді, соған сәйкес Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 52,6 млрд теңгені құрады.
- 2021 жылғы екінші жарты жылдық үшін 13,2 млрд теңге мөлшеріндегі соманы дивиденд төлеуге жұмсау туралы шешім қабылданды, бұл бір жай акцияға есептегенде 50,85 (елу) теңге 85 тиынды құрайды.
067 маусым
- «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі «KEGOC» АҚ қызметі туралы ақпаратты тыңдады. Кездесуге қатысушылар өткен жылғы нәтижелермен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты. Қоғамдық кеңестің мүшелеріне сонымен қатар «Энерготехкәсіподақ» салалық кәсіби одағының қызметі, комплаенс функциялары мен басқа да бағыттар туралы ақпарат берілді.
0717 маусым
- «KEGOC» АҚ аралас (онлайн-оффлайн) форматта Эмитент күнін өткізді, оның барысында инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен БАҚ өкілдері компания қызметінің нәтижелерімен, стратегиялық көрсеткіштердің орындалуымен, 2021 жылғы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты.
0820 маусым
- «KEGOC» АҚ 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13,2 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төледі.
0911 шілде
- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) KEGOC акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толды.
1018 июля
- «KEGOC» АҚ-ның құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу аясында қызметкерлердің балалары арасында энергетиктер жұмысы тақырыбына сурет салудан конкурс өткізілді. Шығармашылық конкурста шамамен 200 сурет қаралды.
1128 шілде
- «KEGOC» АҚ-да жария тыңдаулар өткізілді, бұл тыңдауларда 2022 жылғы 1-жарты жылдық қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуі туралы есеп берілді.
1229 шілде
- Жаңа 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясы жұмысқа қосылды. Қосалқы станция «KEGOC» АҚ-ның «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау. Электр желілік объектілерді салу» жобасы аясында салынды.
13Қыркүйек
- S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының егемен рейтингінің болжамы обарабар өзгергеннен кейін «тұрақтыдан» «теріске» жасалған болжамды қайта қарай отырып, «KEGOC» АҚ рейтингін «BB+» деңгейінде растады.
1410-11 қыркүйек
- «KEGOC» АҚ қызметкерлері үшін «Энерготехкәсіподақ» салалық бірлестігі Қатаркөл кентіндегі «Оқу орталығы» кешенінің базасында («Энергоинформ» АҚ басқаруындағы) «Отбасылық демалыс» атты көшпелі іс-шара өткізді. Іс-шара Қазақстанда 11 қыркүйекте атап өтілетін Отбасы күні мерекесімен сәйкес келді.
1513 қыркүйек
- «KEGOC» АҚ алғаш рет «жасыл» облигацияларын шығарды. Орналастырудан түскен қаражат жаңартылатын энергия көздерін энергия балансына барынша тарту, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті желілік инфрақұрылымды салуға, сонымен қатар электр энергиясын жеткізу тиімділігінің артуына байланысты компания жобаларын іске асыруға бағытталатын болады.
- Шығарылым көлемі бір данасы үшін 1 000 теңге номиналды құнымен, қамтамасыз етусіз 35 млн купондық облигациялар есебінен 35 млрд теңгені құрады.
1623 қыркүйек
- «KEGOC» АҚ қызметкерлері «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырған «Донор күні» акциясына қатысты.
1724-25 қыркүйек
- «KEGOC» АҚ спортшылары «Самұрық-Қазына» АҚ VII Спартакиадасында – ерлер арасындағы және әйелдер арасындағы тоғыз құмалақ бойынша, шағын футбол, волейбол, арқан тарту бойынша және «Үздік қақпашы» арнайы номинациясында жүлделі орындарға ие болды.
18Қыркүйек
- «KEGOC» АҚ Халықаралық Қайта құру және Даму банкі алдындағы 46,3 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз бойынша міндеттемесін мерзімінен бұрын толық өтеді. 71,4 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі кредит бойынша қаражат 2010 жылы «Кернеуі 500, 220кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-ына жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу» инвестициялық жобасын іске асыру үшін 2035 жылы төленіп бітетіндей 25 жылдық мерзімге тартылды.
1913 қазан
- ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортын берді.
2021 қазан
- «KEGOC» АҚ-да қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі алғашқы форум өткізілді. Іс-шараға Энергетика министрлігінің өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, оның құрылымына кіретін компаниялардың, «KEGOC» АҚ басшылары мен HSE (Health Safety Environment) саласындағы сарапшылары, сонымен қатар ТМД елдері компанияларының өкілдері қатысты.
2127 қазан
- «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді, онда «KEGOC» АҚ 2022 жылғы жарты жылдық қаржылық есептілігі бекітілді, дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері бекітілді.
- Бекітілген қаржылық есептілікке сәйкес Компанияның 2022 жылғы 1-жарты жылдықтағы шоғырландырылған таза кірісі 14 млрд тенгені құрады. Төленетін дивидендтердің жалпы сомасы 17 млрд теңгені құрайды, соның ішінде 3 млрд теңге — бұл өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасының бөлігі.
- Осылайша, «KEGOC» АҚ таза пайданың 120%-ын төлеуге жіберді, бұл бір жай акцияға есептегенде 65,44 теңгені құрайды.
223-4 қараша
- «KEGOC» АҚ өндірістік филиалдарындағы перспективалы жастар өкілдерінің компания басшылығымен кездесуі өткізілді.
23Қараша
- «KEGOC» АҚ қызметкерлері Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайды жою бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысты.
2430 қараша
- «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында «KEGOC» АҚ-ның жаңа редакциядағы Жарғысы бекітілді.
- Негізгі құжаттағы өзгерістер Акционерлердің жалпы жиналысы өкілеттігінің кеңеюіне, сонымен қатар Директорлар кеңесі мен Компания Басқармасының жұмысын ұйымдастыруға қатысты кейбір мәселелерге байланысты.
251 желтоқсан
- KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушы директоры Нандит Паршадпен келіссөз өткізді. Кездесу Токио (Жапония) қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Монголия, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің қатысуымен өткізілген Орталық Азия инвестициялық форумы аясында болды.
2621 желтоқсан
- «KEGOC» АҚ «жасыл» облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) сауда алаңында 16,1 млрд теңге жалпы көлемінде 3%-дық маржамен сәтті орналастырылды.
2722 желтоқсан
- «KEGOC» АҚ-да жетекші энергетикалық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ҚР Энергетика министрлігінің көшпелі отырысы өткізілді. Кеңесте Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) 2022 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.
- Кеңесте нарықтың ойыншылары бірқатар өзекті мәселелерді, жинақталған проблемаларды талқылады.
2823 желтоқсан
- Moody's рейтингтік агенттігі кредиттік қорытындыны жариялады және «KEGOC» АҚ рейтингін «Тұрақты» болжаммен «Baa2» деңгейінде расталды.