Компания туралы
»

Бизнес-модель

Миссия

Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін қамтамасыз ету және озық дамыту

Пайымы

Энергетикалық ауысу жағ­дайын­дағы нарықты және болашақ энергия жүйесін өзгертуге себеп болатын, инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикасы жүйесін дамытуға үлес қосатын электр энергетикасы саласындағы көшбасшы

Құндылықтар

  • Шынайылық пен әділдік
  • Уақыт талабы мен тұрақты даму
  • Ауызбіршілік пен жауапкершілік
  • Құрмет, дәстүр мен біліктілік

Біздің қызмет:

  • Электр энергиясын жеткізу – 58,57 млрд кВт·сағ
  • Желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру – 104,26 млрд кВт·сағ
  • Өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру – 203,12 млрд кВт·сағ

Біздің нәтижелеріміз:

  • Таза пайда – 26,7 млрд теңге
  • 1 акцияға дивидендтер төленді 2021 жылға – 50,85 теңге
  • 2022 жылғы 1-жарты жылдыққаа – 65,44 теңге

Біздің активтер:

  • Трансформаторларының белгіленген қуаты 39 055,9 МВА болатын 82 ҚС
  • 26 977,215 км ӘЖ
  • 9 ЖЭТ филиалы және ЖО ҰДО филиалы
  • 4 376 адам
  • Қазіргі заманғы технологиялар

Сенімділік көрсеткіштері:

  • GA 99,999%
  • AIT 6,607 мин
  • Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі – 86%

Қуат

2022 жылдың соңында габариті 0,4-1150 кВ, жалпы ұзындығы 26 977,215 км (тізбектер бойынша) болатын 387 әуелік электр жеткізу желісі (ӘЖ) және трансформаторларының белгіленген қуаты 39 055,9 МВА болатын кернеуі 35-1150 кВ-тық 81 қосалқы электр станциясы (ҚС) бар Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) Компанияның негізгі активі болып табылады. Олар электр энергиясының трансшекаралық ағындарын қамтамасыз ету, электр станцияларынан электр энергиясын жеткізу және өңірлік электр энергетикалық компаниялар мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

«KEGOC» АҚ ӘЖ ұзындығы
31.12.2022 ж. жай-күй бойынша

км
«KEGOC» АҚ ӘЖ ұзындығы

«KEGOC» АҚ ҚС қуаты және саны
31.12.2022 ж. жай-күй бойынша

«KEGOC» АҚ ҚС қуаты және саны

Компания
құрылымы

Компания құрылымына 9 «Жүйеаралық электр тораптары» (ЖЭТ) филиалы және «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» (ЖО ҰДО) филиалы кіреді.

«KEGOC» АҚ еншілес ұйым - «Энергоинформ» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

«Энергоинформ» АҚ миссиясы – ең үздік әлемдік тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, ҚР БЭЖ ақпараттық-техлекоммуникациялық кешенін тиімді дамыту және оның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Негізгі қызметі - «KEGOC» АҚ ақпараттық-телекоммуникациялық кешеніне, соның ішінде ЭКЕАЖ, SCADA, ЭТН, АБЖ, ЖЖ, РРЖ, СБС, КҚЖ, АТС, ТОБЖ, ӨКЖ қызмет көрсету және корпоративтік сервистер.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желісін салу» жобасын іске асыру үшін 2005 жылы құрылған «Батыс транзит» АҚ-ның акционері (акцияларының 20%-ы) болып табылады.

Қызмет
географиясы

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ

Даму
стратегиясы

«KEGOC» АҚ қызметінің Қазақстанның бүкіл экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар және кең ауқымдағы мүдделі тараптардың мүдделерін қамтиды, Компания оны ұзақ мерзімді стратегиясын құрып, шешімдер қабылдаған кезде есепке алады. Біз қоғам мүдделеріне ықыласпен қарауға және Қазақстан ҰЭТ-тың озық дамуын қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын және лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, экологияға қамқорлық жасауға басты назар аударамыз. Бұл «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясында көрсетілген.

Қазақстан БЭЖ-дің жүйелік операторы дәрежесі «KEGOC» АҚ-ның басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ету, энергия жүйесіндегі теңгерімді сақтау, жүйелік қызмет көрсету және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ы арқылы электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ету, оған техникалық қызмет көрсету және пайдалануға дайындығын қолдау жөніндегі функцияларын белгілейді.

Стратегиямен ресми сайт арқылы танысуға болады: https://www.kegoc.kz/kz/about/strategiya-razvitiya/

Ұзақ мерзімді
стратегиялық
мақсаттар

Компанияның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясында үш стратегиялық мақсат белгіленген:

1-мақсат.

Энергетикалық ауысу жағдайында Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ҰЭТ-тың сенімділігі және дамыту), бұл мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттерді іске асырумен қамтамасыз етіледі:

  1. Қазақстан БЭЖ-дің Жүйелік операторы функцияларын орындау;
  2. ҚР ҰЭТ-ты озық дамыту, ЖЭК-ті 15% деңгейінде тиімді біріктіру;
  3. қазіргі заманғы инновациялық және цифрлы технологияларды, Smart Grid ендіру.

2-мақсат.

ESG қағидаттарына (тұрақты даму) сәйкес:

  1. көміртек ізін азайту;
  2. адами капиталды дамыту;
  3. корпоративтік басқаруды жетілдіру және «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін салынған капиталдың тиімділігін арттыру және
  4. кәсіби қауіпсіздік жүйесін жетілдіру арқылы тұрақты дамытуды қамтамасыз ету.

3-мақсат.

Таза активтердің құнын (қаржылық тұрақтылық):

  1. қаржылық тұрақтылықты нығайту және
  2. бизнестің жаңа түрлерін дамыту, сонымен қатар
  3. халықаралық ынтымақтастық арқылы арттыру.