ҰЭТ-тың сенімділігі
және оны дамыту
»
Өндірістік
қызмет
Электр энергиясын жеткізу
«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу
2022 жылы Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу қызметінің нақты көлемі 58,57 кВт·сағ құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,9 кВт·сағ жоғары немесе 7,2%-ды құрады. Артудың негізгі себептері:
- Қазақстан Республикасы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын жеткізу көлемінің 2021 жылмен салыстырғанда 2,446 млрд кВт·сағ немесе 5%-ға өсуі;
- электр энергиясының мемлекетаралық транзиті көлемінің (РФ-ҚР-РФ) 2,096 млрд кВт·сағ немесе 53%-ға өсуі.
2022 жылы «KEGOC» АҚ мен «Россети» ЖАҚ арасындағы шарт бойынша Ресей - Қазақстан - Ресей бағыты бойынша «KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау (транзит) жүзеге асырылды. Осы транзит бойынша көрсетілген қызмет көлемі 6 053,5 млн кВт·сағ құрады.
Техникалық
диспетчерлендіру
Техникалық
диспетчерлендіру
2022 жылы электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 104,26 млрд кВт·сағ құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 779 млн кВт·сағ немесе 0,7%-ға төмен, бұл Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты.
Электр энергиясын өндіру
мен тұтынуды теңгерімдеуді
ұйымдастыру
Электр энергиясын
өндіру-тұтыну теңгерімін
ұйымдастыру
2022 жылы электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызметтің нақты көлемі 203, 12 млрд кВт·сағ құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,03 млрд кВт·сағ немесе 1%-ға төмен, бұл Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың төмендеуімен негізделеді.
Электр энергиясын
сатып алу-сату бойынша
операциялар
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ қатарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша көршілес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша Қазақстан Республикасы БЭЖ-інің Жүйелік операторы функциясын орындайды.
2022 жылы «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық сальдосының Қазақстан БЭЖ-і мен Ресей Федерациясы БЭЖ-і шекарасындағы жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу 28 394,5 млн теңге (20 ,05 теңге/кВт·сағ) сомасына 1 416,2 млн кВт·сағ құрады.
«KEGOC» АҚ-ның Қазақстан Республикасы БЭЖ-і мен Ресей Федерациясы БЭЖ-і шекарасында электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын 10 457,9 млн теңге (7,38 теңге/кВт·сағ) сомасына 1 416,2 млн кВт·сағ (7,38 теңге/кВт·сағ) көлемінде сатуды жүзеге асырды.
Инвестициялық
қызмет
Еліміздің экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін жалпы алғанда электр энергетикалық саланы, соның ішінде электр желілік инфрақұрылымды озық дамыту қажет.
Компания тиімділікті арттыру, ҰЭТ жұмысының сенімділігі мен желінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл жобалар жаңартылатын энергетиканы (генерациясының тұрақсыздығымен ерекшеленетін КЭС мен ЖелЭС) дамыту, ЖЭК ірі объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз етуге арналған тиісті электр желілік құрылысты дамыту үшін жағдай жасауды есепке ала отырып, іске асырылуда.
2022 жылы Компания келесі ірі инвестициялық жобалар мен іс-шараларды іске асырды:
«KEGOC» АҚ Ақтөбе ЖЭТ, Батыс ЖЭТ және Сарыбай ЖЭТ
филиалдарының 220-500 кВ әуе желілерін реконструкциялау, 1-кезең.
Жобаның мақсаты
24 ӘЖ-ні жаңғырту және реконструкциялау бойынша ауқымды жоба.
Қаржыландыру көзі
Жобаны қаржыландыру: «KEGOC» АҚ «жасыл» облигацияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында орналастыру арқылы тартылған меншікті қаражат және қарыз қаражаты.
Жобаның іске асырылу сатысы
- 2022 жылы 24 электр беру желісінің 20-сында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, 18 ӘЖ бойынша жұмыстар аяқталды, оның ішінде 16 ӘЖ пайдалануға берілді.
- Жобаны іске асыра бастағаннан бері 2029 км ӘЖ-нің 1 749 км, оның ішінде 2022 жылы 442,3 км ЭЖЖ реконструкцияланды.
2022 жылы күрделі қаржы
салымдарын игеру
11,1
Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін нығайту.
Жобаның мақсаты
Қазақстанның Батыс аймағының тұтынушыларын республиканың батыс облыстары арасындағы 220 кВ электр желілерін күшейту арқылы электрмен жабдықтау сенімділігін және өткізу қабілетін арттыру.
Қаржыландыру көзі
Жобаны қаржыландыру: «KEGOC» АҚ «жасыл» облигацияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында орналастыру арқылы тартылған меншікті қаражат және қарыз қаражаты.
Жобаның іске асырылу сатысы
2022 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді:
- Жоба басталғалы бері 4 182 тіректің 2 898-і (69%) орнатылды, соның ішінде 2022 жылы 1 760 (42%) тірек;
- жоба басталғалы бері 779,7 км сымның 297,8 км (38%) сымы, соның ішінде 2022 жылы 244,4 км монтаждалды;
- 220 кВ «Уральская», «Правобережная», «Индер», «Құлсары», «Теңіз» ҚС-да және 220 кВ «Қарабатан» ТП-да құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы күрделі қаржы
салымдарын игеру
19,2
Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын нығайту.
Жобаның мақсаты
Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына және Түркістан қаласын дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес кернеуі 110 кВ және одан төмен жергілікті таратушы электр торабын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Қаржыландыру көзі
Жобаны қаржыландыру: Компанияның өз қаражаты.
Жобаның іске асырылу сатысы
- 2022 жылы Компания құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары толық көлемде орындалды. Түркістан қаласының маңында 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясы салынды, оған кернеуі 110 кВ және одан төмен жергілікті таратушы электр торабы қосылады.
-
2022 жылғы 28 қазанда объект пайдалануға берілді.
2022 жылы күрделі қаржы
салымдарын игеру
2,0
Инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру кезінде «KEGOC» АҚ Қазақстан БЭЖ электр энергиясы мен қуатының болжамды балансын әзірлеуге және жыл сайын жаңартуға негізделген сценарийлік тәсілді пайдаланады. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі, атап айтқанда ТЖ қауіпінің туындауына әкелетін табиғи факторлар (су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі, эпидемиялар) есепке алынады. Желінің сенімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар өндірістік активтердің істен шығуының негізгі тәуекелін азайту үшін Компания жақын арадағы перспективаға ҰЭТ-ты дамытуға бағытталған келесі инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлауда:
- Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту.
- Жоба Оңтүстік аймақтағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және Оңтүстік аймақтың облыстары арасындағы электрлік байланысты нығайту үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр энергетикалық жүйесін нығайтуды көздейді.
- Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу нәтижелері бойынша екі 500 кВ «Шу – Жамбыл», «Жамбыл – Шымкент» ӘЖ-ні салуды, сондай-ақ Алматы энергия торабының 220 кВ желілерін нығайтуды көздейтін нұсқа мақұлданды.
- Жобаны іске асыру мерзімі – 2027 жыл.
- «Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру».
- Жоба Қазақстанның Батыс аймақтарының энергетикалық қауіпсіздігі мен энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, Батыс аймақтағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Қазақстанның Батыс аймағын БЭЖ-дің негізгі бөлігімен біріктіруді көздейді.
- Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. ЭЖЖ-ні салудың негізгі нұсқасы генерациялаушы қуаттарды дамыту жоспарлары мен тұтынушылардың перспективалық инвестициялық жобаларын ескере отырып, ТЭН әзірлеу қорытындылары бойынша айқындалатын болады.
- Жобаның шамамен іске асыру мерзімі – 2028 жыл. Жобаның параметрлері мен іске асыру мерзімі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу қорытындылары бойынша анықталады.
- «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау, II кезең.
- Жобаның мақсаты нормативтік қызмет ету мерзіміне жеткен қолданыстағы электр жеткізу желілерін, сондай-ақ жақын арадағы жылдары қызмет ету мерзімі нормативке жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру болып табылады.
- Реконструкциялау объектілері бұл - «Ақмола ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» филиалдарының балансында тұрған жалпы ұзындығы 4 236 км 220-500 кВ-тық 48 ӘЖ. ТЭН әзірленуде.
- «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау, III кезең.
- ҰЭТ-ты реконструкциялау қажеттілігі келесі себептерге байланысты:
- бірқатар 220-500 кВ ӘЖ нормативтік қызмет ету мерзіміне жетуі және асып кетуі;
- тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, электр энергиясының транзиті, электр станцияларының қуатын беру.
- Реконструкциялау объектілері бұл - «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының балансында тұрған жалпы ұзындығы 4 332 км 220-500 кВ-тық 44 ӘЖ. ТЭН әзірленуде.
Тораптың
сенімділігі
Қазақстан Республикасы үшін электр энергетикасы үлкен маңызға ие, себебі еліміздің металлургия және мұнай-газ өндіру сияқты негізгі салалары жоғары энергия сыйымдылығымен сипатталады. Тиісінше, Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың өмір сүру сапасы тұтынушыларды сенімді және сапалы энергиямен қамтамасыз етуге байланысты.
2022 жылы Компанияда ІІ дәрежелі ақаулар болып табылатын 53 технологиялық бұзылыс тіркеліп, тексерілді, оның ішінде: желілерде 41 технологиялық бұзылыс, қосалқы станцияларда 12 технологиялық бұзылыс орын алды. 1-дәрежелі авариялар мен ақаулар болған жоқ. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 28,4%-ға жақсарды.
Жіктеу белгілері бойынша технологиялық бұзылыстарды бөлу
Халықаралық тәжірибеде желінің сенімділік деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:
SAIDI
(System Average Interruption Duration Index – орташа үзіліс ұзақтығы) – жүйеде бір жылда бір үзілістің орташа ұзақтығын минуттармен сипаттайды.
SAIFI
(System Average Interruption Frequency Index – жүйедегі зақымданулардың пайда болуының орташа жиілігі) – тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы үзілістердің орташа жиілігін сипаттайды.
Табиғат құбылыстарының әсерінен 26 технологиялық бұзылыс орын алды (жалпы көрсеткіштен 49%).
Климаттың өзгеруі біздің объектілеріміз үшін қауіп төндіретін ауыр және экстремалды, соның ішінде қатты жел мен жаңбыр, бұршақ, дауыл, циклондар, құрғақшылық сияқты ауа райы оқиғалары, сонымен бірге өрт пен су тасқынының туындау қауіптері туындатады. Экстремалды ауа райы жағдайлары және ауа температурасының өзгеруі жүйеге жүктеме түсіріп, тиімділікті төмендетіп, тұтынушыларға қызмет көрсетудегі ықтимал бұзылыстарға әкелуі мүмкін.
Күшті жел, найзағайдың екпіні, әуелік электр жеткізу желілерінің сымдары мен найзағайдан қорғайтын арқансымдарда мұзды қабаттардың пайда болуы және төгілуі негізгі қолайсыз метеорологиялық факторлар болып табылады. Компания «KEGOC» АҚ тап болуы мүмкін ықтимал сценарийлерді, соның ішінде ауа райы жағдайларының құбылмалылығын, сондай-ақ төтенше ауа райы оқиғаларының ауырлығы мен жиілігін арттыруды талдайтын климатқа сезімтал тәуекелдер тізілімін әзірледі. Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер өзгерістерді басқару үшін пайдаланылатын Компанияның 2022 жылға арналған тәуекелдер тізілімінде көрсетілген.
Осылайша, өндірістік активтердің істен шығу қаупі табиғи құбылыстардың әсері сияқты климаттық факторлар нәтижесінде туындауы мүмкін. Осы тәуекелді азайту үшін Компания келесі іс-шараларды қабылдайды:
- персоналды авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу дағдыларына үйрету;
- авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге автокөліктер мен арнайы техниканың дайындығын қамтамасыз ету;
- филиалдарды авариялық қормен қамтамасыз ету;
- ҚС жабдықтарын сақтандыру;
- авариялық жаттығуларды өткізу;
- Компанияның өндірістік активтеріне табиғат құбылыстардың әсерін азайту үшін инновацияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Климаттың өзгеруі, атап айтқанда табиғи факторлар (су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі, эпидемиялар) төтенше жағдайлардың туындау қаупін тудырады. Осы тәуекелді азайту үшін Компания бекітілген тақырыптарға сай жыл сайынғы Кестеге сәйкес аварияға қарсы жаттығулар өткізеді; табиғи апаттардың (су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі) зардаптарын жою бойынша іс-шаралар жүргізілетін жыл сайынғы «Көктем», «Қыс», «Жер» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысады, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын сатып алады.
Сонымен қатар, 2022 жылы өндірістік активтердің істен шығуының негізгі тәуекелін төмендету мақсатында желінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін Компания келесіні жүзеге асырды:
- күштік электр жабдықтарының жоғары вольтты ендірмелерін ауыстыру;
- сараптау ұйымдарын тарта отырып, ҚС мен электр жеткізу желілері жабдықтарын техникалық куәландыру;
- сараптау ұйымдарын тарта отырып, ҚС мен электр жеткізу желілері жабдықтарының жай-күйіне техникалық сараптама жүргізу;
- активтерді жаңғырту және қайта құру;
- электр желілеріндегі технологиялық бұзылыстарды және т.б. талдау.
Үздіксіз өндірістік қызмет бойынша бизнес-процесс үшін қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету шеңберінде кең ауқымды ТЖ жою үшін Компания қызметіне тән аварияларды жою жоспарлары (АЖЖ) және ТЖ жою жөніндегі іс-шаралар жоспары (ТЖЖІЖ) әзірленді.
АЖЖ авариялық жағдай туындаған кезде іс-қимылдар объектісін, көлемін және орындау реттілігін, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету және жүзеге асыру жауапкершілігін белгілейді. АЖЖ тестілеу тұрақты өртке қарсы және аварияға қарсы жаттығулар түрінде жүзеге асырылады.
ТЖЖТЖ-да жұмыстың орындалу мерзімі мен уақытын көрсете отырып, ТЖ туындау қауіпі кезінде және ТЖ салдарын жою кезінде жүргізілетін іс-шаралар көрсетіледі. Компания объектілерінде жиі кездесетін ТЖ көп таралған түрі өртке қарсы іс-шаралардың сақтамалмауы, штаттан тыс жағдайлардың туындауы нәтижесінде болатын өрт болуы мүмкін. Сондай-ақ ТЖ жоспарында адамдардың өліміне, елеулі мүліктік залалға әкеп соқтыратын немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын террористік актілер туындаған кездегі іс-шаралар қамтылған. ТЖ туындағанда және оны жою кезінде Компания қызметкерлерін уақтылы хабардар ету үшін ТЖ жою жоспарының бөлігі болып табылатын Байланыс және хабарлау жоспарлары, Өрт сөндіру жоспары қолданысқа енгізіледі.
Ықтимал ТЖ жою бойынша іс-қимылдарға дайындықты тексеру үшін Компания жыл сайынғы республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысады, жер сілкінісі қаупі жоғары аймақтарда (Оңтүстік, Шығыс, Батыс) объектілік оқу-жаттығулеп мен сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл оқу-жаттығуларда жоспарларды әзірлеудің толықтығы, азаматтық қорғаныс құрамаларының үйлесімділігі, ЖЭС-та авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын күштер мен құралдардың әрекетін тексереді.
Төмендегі қызеттің негізгі көрсеткіштері 1-стратегиялық мақсатқа қол жеткізу индикаторлары ретінде айқындалады: Grid Аvailability (GA немесе электрторабының қолжетімділігі, есептік жыл үшін %-бен өлшенеді) және AIT (Аverage Interruption Time - орташа үзіліс уақыты, минутпен).
Компания есептік 2022 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның стратегиялық ҚНК-сына қол жеткізді және жоспарланған көрсеткіштерден асып түсті:
1-Мақсатты іске асыру индикаторлары
ҚНК атауы | 2018 факт | 2019 факт | 2020 факт | 2021 факт | 2022 жоспар | 2022 факт |
GA, % | индикаторлар 2021 жылғы желтоқсанда анықталды | 99,99874 | 99,99987 | |||
AIT, мин. | 6,607 | 0,682 | ||||