Даму
тарихы –
25 жыл
»

1997

»
  • «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы құрылды.

1998

»
  • ТМД қатысушы мемлекеттерінің энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы шартқа қол қойылды.

1999

»
  • «ҰЭТ-ты жаңғырту, І кезең» жобасын қаржыландыру үшін ХҚДБ мен ЕҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.

2000

»
  • Алғаш рет Ресей – Қазақстан – Орталық Азия қатарлас жұмысының электр схемасы құрылды.

2002

»
  • 500 кВ Ж-1103 «Қостанай-Челябинская» ӘЖ жұмысқа қосылды.

2003

»
  • 1150 kV L-1104 Ekibastuzskaya - Altai overhead line was put into operation.

2004

»
  • «KEGOC» АҚ дәрежесін, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін «Электр энергетикасы туралы» Заң қабылданды.
  • «Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы аясында ЕҚДБ мен ҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.
  • Орталық кеңсе республикамыздың елордасы Астана қаласына көшірілді.
  • Компанияға Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясы жүктелді.

2005

»
  • «Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы аясында ХҚДБ, ЕҚДБ мен ҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.

2006

»
  • 500 кВ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желісінің құрылысы басталды. Жоба «Батыс транзит» АҚ мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттары негізінде іске асырылды, концессионердің акциялары пакетінің 20%-ын «KEGOC» АҚ иеленеді.
  • ҰДО филиалын еліміздің елордасы Астана қаласына көшіру аяқталды. Жаңа диспетчерлік бақылау қалқаны шетелдік қонақтарға, ТМД Электр энергетикалық кеңесі отырысының қатысушыларына таныстырылды.
  • ҰЭТ-ты жаңғырту жобасының іске асырылуына сәйкес SCADA/EMS жүйесі пайдалануға берілді.
  • «ҰЭТ-ты жаңғырту, І кезең» жобасы аясында аналогтық байланыс жүйелерінен цифрлы байланыс жүйелеріне (АТС, РРЖ, ЖЖ байланыс) ауысу жүзеге асырылды.

2007

»
  • «ҰЭТ-ты жаңғырту, І кезең» жобасының негізгі компоненттері аяқталды.

2008

»
  • Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы имитациялық режимде жұмыс істей бастады.
  • «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасын қаржыландыру үшін ЕҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.
  • 500 кВ «ОҚМАЭС – Шу» ӘЖ пайдалануға берілді.
  • «Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасының 1-кезеңі сәтті аяқталды.
  • Өлке қосалқы станциясында 500 кВ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» ӘЖ кернеуге қосылды.

2009

»
  • «Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы шеңберінде алғаш рет ТОБЖ ендірілді.
  • «Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасының үшінші кезеңі 500 кВ «Ағадыр-ОҚМАЭС» ӘЖ пайдалануға беру сәтті жүзеге асырылды.
  • «Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасын іске асыру үшін ХҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.
  • «ҰЭТ-ты жаңғырту» жобасы шеңберінде релелік қорғау мен қосалқы станцияларды автоматтандырудың соңғы компоненті аяқталды.

2010

»
  • «Кернеуі 500, 220кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-іне жалғанатын 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасын іске асыру үшін ХҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.
  • «ҰЭТ-ты жаңғырту, І кезең» жобасы аясында қойылған РҚА (Релелік қорғау және автоматика) және МжәнеБЖ (Мониторингтеу және басқару жүйесі) жаңа микропроцессорлық жабдығын іске қосу аяқталды. «KEGOC» АҚ-ның 67 қосалқы станциясында РҚА және МжәнеБЖ жабдықтары жаңғыртылды.

2011

»
  • «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні реконструкциялау» жобасы аясында ЕҚДБ-мен кредиттік келісімге қол қойылды.
  • 500 кВ ОБТҚ қосалқы станциясында жаңа автотрансформаторды орнату бойынша жұмыс аяқталды: Астана қаласының қуат резерві 25%-ға – 500 МВА дейін артты.

2012

»
  • Мемлекет басшысы KEGOC компаниясы бастама көтерген нарық қуатын құруды көздейтін Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
  • Ж-2383 МГЭС-Робот жұмысқа қосылды.
  • 500 кВ Алма ҚС жұмысқа қосылды.
  • 500 кВ Ж-5353 «Алматы-Алма» ӘЖ жұмысқа қосылды.

2013

»
  • 500 кВ «ОҚМАЭС-Алма» ӘЖ құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды.

2014

»
  • «Кернеуі 500, 220кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-іне жалғанатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасы аяқталды.
  • «Солтүстік-Шығыс-Оңтүс-тік транзитінің 500 кВ ӘЖ-сін салу» ірі ауқымды жобасы іске асырыла бастады.
  • «Халық IPO» бағдарламасы шеңберінде «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары алғаш рет KASE-де орналастырылды. «KEGOC» АҚ орналастырылған жай акцияларының саны – 25  999 999 дана.

2016

»
  • 500 кВ «Семей» ҚС жұмысқа қосылды.
  • 500 кВ Ж-5384 «Өскемен - Семей» ӘЖ жұмысқа қосылды.
  • 500 кВ Ж-5370 «Екібастұз – Семей» ӘЖ жұмысқа қосылды.
  • «500 кВ Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен ӘЖ-ні салу» жобасы бойынша объектілер пайдалануға берілді.

2017

»
  • ЕҚДБ-дан «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні реконструкциялау» инвестициялық жобасын іске асыру үшін 151,9 млн АҚШ доллары мөлшерінде тартылған қарыз мерзімінен бұрын өтелді.
  • ЕҚДБ-дан «Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, 2-кезең» инвестициялық жобасын іске асыру үшін 2008 жылы тартылған қарыз бойынша 23,8 млн еуро мөлшерінде 2018 жылғы екі жарты жылдық төлем мерзімінен бұрын өтелді.

2018

»
  • Жоғары вольттік 500 кВ «Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған - Алма» ӘЖ-лері Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген жалпы ұлттық телекөпір барысында іске қосылды.

2019

»
  • «Павлодар энергия торабының Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланысын күшейту» жобасын іске асыру аяқталды.
  • «ҰЭТ-ты жаңғырту, ІІ кезең» жобасы шеңберінде Түлкібас-тартым ҚС мен Бурное-тартым ҚС арасында 220 кВ ӘЖ-ні салу аяқталды.

2021

»
  • Еншілес ұйым - «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 100% қатысу үлесін мемлекеттің меншігіне өтеусіз беру жолымен иеліктен шығарылды.

2022

»
  • Түркістан қаласы маңында 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясы салынып, пайдалануға берілді.
  • Алғашқы «жасыл» облигациялар шығарылды және KASE-де орналастырылды.